5175KZ Spring-Summer 2020 Product Catalog FINAL_KZ

Егер өмірді өзгерту керек болса,онда түбегейлі өзгерту

ДЕЙІН

КЕЙІН

#минусөлшемдер

Ирина Горошко, 38 жаста -16 кг

Бақытсыз махаббатымнан кейін өзімнің туған қаламнан жаңа өмір іздеумен басқа қалаға көштім. Өзімді жалғыз сезінуден шаршадым – тіпті отбасымның және жақындарымның қолдауымен де. Ешқандай өзгеріс болмады, өмір өзінің сарынымен өтіп жатты. Махаббатқа және қамқорлыққа бөленіп, бақытты болғым келді. Мен 38 жастамын, бірақ менде бала да, күйеу де жоқ. Барлығын саралап, өмірімді таза парақтан бастауға – ең болмаса сыртқы келбетімді өзгертуге бел будым! Студент кезімнен дұрыс тамақтанбадым, кез келген тағамдарды, не нәрсені болса да жедім. Таңғы асты жіберіп алатынмын, кейде тіпті күні бойы тамақ ішпей жүремін. Салмағым мені ойландырмады. Иә, салмағымды азайтуға әрекет жасадым, бірақ ешқандай өзгеріс болмады – мотивация және маған көмектесетін және қолдау көрсететін адам да болмады. Бірақ, егер өмірімді өзгерту керек болса, онда түбегейлі өзгерту керектігін түсіндім – осы ой мені Herbalife Nutrition «Сұлулық галереясы» жобасына алып келді. Онда менің салмағымның 90,8 кг-ға жеткенін білдім! Осыған дейін салмағымды өлшеген емеспін, сондықтан бұл сан мені есеңгіретті. Бірақ Дербес консультантым мені шабыттандырды! Алғашқы 2 ай бойы барлық ұсыныстарды орындадым, Салауатты өмір салты клубына қатыстым, дұрыс тамақтандым – 9 кг* салмақ тастадым! Басында қиын болды және нәтижеге қолжеткіземін деген сенім болмады, бірақ бірінші нәтиже қандай да бір өзгерістерге алғашқы қадам болды. Сосын тағы бір айдан кейін 7 кг* салмақтан арылдым! Бір күні тоқтаусыз оңай 14-қабатқа көтерілгенімді байқамадым! Өмір сүру оңайға түсті, айнадан өзімді жақсы көре бастадым, алдыма жаңа мақсаттар қойдым – өмірімді бұдан да жақсыға өзгерткім келеді! Мен осы жобаға және маған қолдау көрсеткен, бақылаған, есікреген және жібермеген Дербес консультантыма алғыс айтамын. Оның арқасында осының бәрі орындалды! * Салмақты бақылауға қатысты кез келген тұжырымдамалар Herbalife Nutrition-ның өзгелерден бөлек үйлестірілген диета, тұрақты дене жаттығулары, сұйықтықтың қажет мөлшерін күнделікті пайдалану, қажет болған жағдайда биологиялық белсенді қоспаларды пайдалану және жеткілікті деңгейдегі демалыстан тұратын салмақты бақылау бағдарламасына кіреді. Барлық нәтижелер өзіндік ерекшелікке ие және әртүрлі болуы мүмкін.

16 кг 23

Made with FlippingBook Annual report