5175KZ Spring-Summer 2020 Product Catalog FINAL_KZ

Мақсатты тамақтану өнімдері

Асқорыту туралы не білеміз?

Ішек – біздің денеміздің «жиі қоныстанған» орган. Онда шамамен бір килограмм бактериялар (микробиом деп аталады) бар, олар тағамды қорытуға, кейбір дәрумендерді синтездеуге, патогендерден қорғауға және иммунитетті нығайтуға қатысады. Сондықтан өзіңнің ағзаңызға деген алғашқы қамқорлық жасау кезеңі асқорыту жүйесіне қолдау көрсетуден басталу керек. Миркобиом үшін тиімді тағам – бұл клетчаткаға бай өнімдер. Жылы көктем-жаз кезеңінде рационға мезгілдік жемістерді және көкөністерді қосуға болады. Ең бастысы – олардың мөлшері АҚЖ дұрыс жұмысы үшін жеткілікті болуы тиіс. Себебі артық тамақ ішу – бұл асты қорыту үшін артық жүктеме. Ішектің пайдалы микрофлорасын қамтамасыз ету үшін диетологтар рационға ең болмаса 3 г пребиотиктерді 1 – асқазан-ішек жолдарында тікелей сіңірілетін күрделі көмірсуларды қосуға кеңес береді.

САРАПШЫ МАҚАЛАСЫ

«Адам күніне шамамен 10 г-нан 15 г дейін клетчатка жейді. Бұл ретте оңтайлы норма – әртүрлі мәзірді сақтаған жағдайда 35 г. Клетчатканың екі түрі болады. Біріншісі – мүлде өзгермей, асқорыту жолынан өтетін ерімейтін түрі. Ол ағзадан қорытылмаған тағам қалдықтарын шығара отырып, ішектің жұмысына ықпал етеді. Екіншісі – еритін түрі, ол қандағы қант деңгейіне оң әсер етеді және холестерин деңгейін реттеуге көмектеседі. Оған пектин, гуар және крахмал жатады, олар пайдалы бактериялар үшін отын көзі және олардың өсуіне ықпал етеді. Кез келген клетчатканың құрамында асқорыту жүйесінің оңтайлы жұмысына күнделікті қолдау көрсететін тағамдық талшықтар бар. Олардың жетіспеушілігін Сұлы-алма сусыны толықтырады. Ал күйзелістердің орнын толтыратын және теңгерімді тамақтануға мүмкіндік беретін Алоэ негізіндегі өсімдік сусыны , ол асқорыту процесіне ықпал етеді. Осылайша сіз клетчатканың тәуліктік нормасын қалпына келтіріп, ғылымның озық зерттеулеріне сәйкес асқазан-ішек жолдарының микробиотын жақсарта аласыз. Айтпақшы, Формула 1 Протеинді коктейльдің құрамында да тағамдық талшықтар бар».

Ирина Лизун, Herbalife Nutrition Тамақтану жөніндегі сарапшысы

1 Дереккөзі: «Тағамдық өнімнің таңбалау бөлігі бойынша» Кедендік одақтың Техникалық регламентіне 2-Қосымша (ТР ТС 022/2011); Ресейлік тағам өнімдерінің химиялық құрамы/РМҒА мүше-кор. проф. И. М. Скурихиннің және РМҒА академигі проф. В. А. Тутельянның басқаруымен.

20

Made with FlippingBook Annual report