5175KZ Spring-Summer 2020 Product Catalog FINAL_KZ

САРАПШЫ МАҚАЛАСЫ

«Менің тәжірибемде клиенттердің Салауатты өмір салты клубымен танысқанға дейін, салмақты азайту амалдары сәтсіздікпен аяқталған жағдайлары өте көп. Бұл өзінің қиындықтары мен сезімдері туралы көмек сұрауға ұялу мен қорқуға байланысты. Мұндай нұсқаулар мақсатқа жетуге кедергі болады және тамақтанудан ауытқуға алып келеді. Салауатты өмір салты клубы топтағы мысалдарға тікелей сүйеніп, әлеуметтік өмірлік жағдайды құруға бірегей мүмкіндік береді. Олай болса, қатысушыға бұл: өзінің сезімдерімен және проблемаларымен ашық бөлісуге, өзінің мінез-құлқы туралы дәл кері байланысқа ие болуға, өзінің жетістіктерінің құнсыздануына жол бермеуге, әлеуметтік өзара әрекет етудің жаңа нысандарын сынауға, сапалы білім алуға және белсенді әлеуметтендіруге мүмкіндік береді, яғни мастер-кластарға, фитклубтарға, тренингтерге және т.б. қатыса алады. Неге дербес қолдау көрсету осындай маңызды қызмет атқарады? Нәтижелерге қолжеткізген тұлғаларды қадағалау және олардың әрекеттерін өзінің әрекеттерімен салыстыру басқаларды үлгі етіп, шабыттануға алып келеді. Адамдардың өз мақсаттарымен бөлісу мүмкіндігі болса және өзінің бағалануын сезінсе, оның қажетті әрекеттерді және нұсқауларды орындауға ниеті күшейеді. Егер адам басқалар әрекеттерді онымен бірге орындайтындығын түсінсе, онда ол адамға таңдап алған бағыты бойынша жұмыс істеу оңай болады. Ынтымақтастық, салауатты бәсекелестік және топтың мақұлдауы көрнекі және тиімді нәтижелерге жеткізеді!»

Вячеслав Захаров, Herbalife Nutrition Тамақтану жөніндегі сарапшысы, Халықаралық семіздікті зерттеу қауымдастығының мүшесі

Сіз білесіз бе... Алғашқы Салауатты өмір сүру салты клубы 2004 жылы Мексикада ашылды. Herbalife Nutrition екі Тәуелсіз Серіктестері Энрике Варела және Гласиела Миер бір фундаментальды заңдылықты түсінді: көптеген клиенттер өнімнің барлық желісін қолданғысы келеді, бірақ мұны жасауға көбінесе мүмкіндік болмайды. Сонда өнімдерді порцияға «бөлу» туралы шешім қабылданады.* Бұл инновациялық өзгеріс болды – осыдан кейін әрбір адам Клубқа келіп, дұрыс таңғы ас ішуге, Дербес консультантпен сөйлесуге және өзінің күнін жақсы көңіл-күймен жалғастыру мүмкіндіктеріне ие болды.

С А Л А У А Т Т Ы о м і р с а л т ы

*Клуб абонементінің құнына операциялық шығындар, тегін тамақтану кіреді.

11

Made with FlippingBook Annual report